Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған

Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалып, құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігің ақпаратына сүйенсек, Алматы тауларында құтқарушылар үш жасөспірімге көмектескен.
«Құтқару қызметіне Үлкен Алматы көлі маңындағы Космостанциядан жоғары жерде ауа райының нашарлауына байланысты үш жасөспірім өз бетімен түсе алмай жатқаны туралы ақпарат келіп түсті», – делінген хабарламада.
Құтқарушылар жасөспірімдермен байланыс орнатып, геолокациясы анықтаған. Жасөспірімдер бұған дейін тауға жиі шыққан, жылы киініп алған.
«БАУ» КМҚ құтқарушылары жасөспірімдерді автобус аялдамасына дейін жеткізіп, оларға қалаға өздері кеткен. Жасөспірімдердің жағдайы жақсы болғандықтан, медициналық көмек көрсетілмеген.