Америкада ковид пен гепатит С жұқтырды деген маймыл қашып кетті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Ауру макака зертханадан қашып кетті / фото: ашық дереккөзден

Миссисипи штатында билік зертханалық маймылды іздестіріп жатыр. Ол жол апатынан кейін қашып кеткен деп жазады Guardian.

Маймылдарды жүк көлігіне салып Луизиана штатындағы Тулейн университетінің Ұлттық биомедициналық орталығына жеткізбек болған. Жолда көлік апатқа ұшырап, тор жыртылып, бірнеше макака резус қашып кетеді. Оларға бірнеше вирус, соның ішінде гепатит С пен Covid-19 жұқтырылған, сондықтан адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін деп жазады басылымдар.

Бірақ Ұлттық биомедициналық орталығы қызметкерлері оларға инфекция жұқтырылмаған, аса қауіпті емес деп сендіреді.

Салмағы шамамен 12 келі болатын маймылдар агрессия танытқан, оларға тек қорғаныс құралдарымен жақындауға рұқсат етілген.

Полиция хабарлауынша, қашқан маймылдар өлтірілді. Тек біреуі ғана әлі табылмаған, қазір оны іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз