2026 жылдан бастап ChatGPT-мен төлем жасауға болады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
ChatGPT
фото: ашық дереккөзден

PayPal компаниясы OpenAI-мен әріптестік туралы келісімге қол қойды. Бұл дегеніміз 2026 жылдан бастап ChatGPT платформасында PayPal цифрлық әмияны арқылы төлем жасауға болады деп хабарлайды CNBC.

Яғни, енді PayPal қолданушылары ChatGPT арқылы тауар сатып ала алады, ал сатушылар өз өнімдерін платформада орналастырып, сата алады.

Осы жаңалықтан кейін PayPal акциялары 13%-ға қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша, интеграция PayPal-ды ChatGPT негізіндегі электронды коммерцияны дамытуға қатысып жатқан алғашқы ірі компаниялардың біріне айналдырады.

«Біздің жүздеген миллион тұрақты қолданушымыз бар. Енді олар ChatGPT ішінде «PayPal арқылы төлеу» батырмасын басып, қауіпсіз әрі ыңғайлы төлем жасай алады», – деді PayPal компаниясының бас директоры Алекс Крисс.

Бұған дейін ChatGPT әзірлеушісі OpenAI өз ЖИ чиптерін шығара бастайтыны хабарланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз