«Калькасыз қазақ тілі» арнасының авторы ерен еңбегі үшін медаль алды

Жарияланды 29 Қазан 2025 13:22

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Назгүл Қожабек / фото: t.me/kalkastop
Назгүл Қожабек / фото: t.me/kalkastop

«Калькасыз қазақ тілі» телеаграм-арнасын ашып, тілдің дамуына үлес қосып жүрген Назгүл Қожабек «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қуанышты жаңалықты тіл жанашыры әлеуметтік желіде жариялады.

«Каналдың енді «Ерен еңбегі үшін» алған медалі бар», – деп жазды автор.

Телеграм-арнаның 16 мыңға жуық оқырманы бар. Тіл маманы kalkastop-та жиі кездесетін қателерді талдап, дұрыс нұсқасын ұсынады.

t.me/kalkastop телеграм-арнасынан алынған скриншот

Назгүл Қожабек басқа тілдерден қазақшаға дұрыс аударылмай, қолданысқа еніп кеткен сөздерді де түзетуге көп күш салып жүр.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның аяғында елдегі жүздеген азамат Республика күніне орай түрлі марапатқа ие болды. Мәселен, Меруерт Өтекешова «Халық әртісі» атанса, дәл осындай атақ әнші Тамара Асарға да берілді. Көпшілікке танымал продюсер Баян Мақсатқызы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен мақтанса, бір күннен кейін дәл осындай марапатқа оның сіңлісі Бағым Мақсатқызы да бөленді.

Сондай-ақ оқыңыз