Жаңалықтар

Трамп келесі аптада Орталық Азия президенттерімен кездеседі

Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Орталық Азиядағы бес елдің басшыларымен кездеседі. Бұл туралы Reuters дереккөз мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Агенттік мәліметінше, кездесу 6 қарашаға жоспарланған. Оған АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері қатысады.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау өзбек шенеуніктерімен кездесіп, Трамп пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келесі аптада Вашингтонда кездеседі деп мәлімдеген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады. Бұл туралы 26 қазанда Ақорда хабарлады.

Ал осы аптада Трамп Азия елдерін аралып жүр. Бейсенбі күні ол Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі керек.

Бұған дейін Kursiv.Media Трамптың Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серхио Гор мен мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау Қазақстан мен Өзбекстанға келе жатқанын жазған.