Жаңаөзен қаласында бір топ жұмысшы ереуілге шықты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Жаңаөзен қаласы
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «МұнайСпецСнаб Компани» компаниясының ондаған жұмысшысы ереуілге шықты. Жұмысшылардың бейнеүндеуі youtube-те жарияланды.

28 қазанда түнде компания ғимараты алдына жиналған бір топ адам президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға, Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа, Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Күшәлиевке, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновке, сонымен бірге қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдеріне ашық үндеу жолдады.

«Біз, «МұнайСпецСнаб Компани» ЖШС жұмысшылары, еңбек құқықтарымыздың бұзылып отырғанына, әлеуметтік әділетсіз болып жатқанына алаңдаймыз. Талаптарымыздың орындалмауына байланысты 28 қазанда түнгі ауысымнан бастап жұмыс тоқтатылды», – деп мәлімдеді жұмысшылардың бірі.

Нефтяники объявили забастовку в Жанаозене
Видеодан скриншот, бильд-редатор Серікжан Қобыланбаев

Мекемеде істейтін бір топ адам жұмысшылар құқығының қорғалуын сұрайды.

«Біздің талабымыз: әділдік және жұмысшы құқығын қорғау. Жұмысшылардың үні естілсін. Талап орындалсын!» – деп ұрандатты көпшілік алдында сөйлеген жас жігіт.

Қалған жұмысшылар талапты қолдап, тез арада орындалуын талап етті. Мәліметтерге қарағанда, олар жалақы көлемі мен сыақының жоқтығына да наразы.

Компания туралы мәлімет

eGov мәліметіне қарағанда, «МұнайСпецСнаб Компани» 2008 жылғы ақпанда Жаңаөзен қаласында тіркелген, 2021 жылғы маусым айында қайта тіркеуден өткен. Оның жалғыз құрылтайшысы – Нысангүл Абдуллаева, ал компания жетекшісі – Ерлан Сәбиев.

Kursiv.Media еңбек дауына қатысты сауалдарды компания басшылығына жолдады.

Өңірдегі ереуілдер

Мұнайлы Маңғыстау облысында жұмысшылар ереуілі жиі болып тұрады. Бір ғана 2025 жылы өңірде бірнеше еңбек дауы болды. Мәселен, ақпан айында Қаратұрын мұнай-газ кенішінде «Атырауқұрылыс-Сервис LTD»  жұмысшыларының айлықты 50%-ға көтеруді талап етті. Ақпанда Маңғыстауда «Каскор-Машзавод» кәсіпорынының ондаған жұмысшысы ереуілге шыққан.

Бұған қоса, биыл наурыздың басында Қаламқас кен орнында сервистік қызмет көрсететін компанияның 150-ге тарта жұмысшысы бір апта бойы ереуілдеткен. Ал шілде айында Ақтау қаласында қоғамдық көлік жүргізушілер ереуілге шыққан.

Сондай-ақ оқыңыз