Тарихи жәдігерлер мен құнды заттар шетелге заңсыз сатылып жатыр – депутат

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Көп жағдайда оларды металл іздегіштер мен арнайы құрылғылар арқылы тауып алады / Фото: shutterstock

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміз тарихи нысандарды ғана емес, олармен бірге ерекше құнды жәдігерлерді де жоғалтып жатыр.

«Құнды заттар шетелге кетіп, «қара нарықта» сатылып жатыр. Көп жағдайда оларды металл іздегіштер мен арнайы құрылғылар арқылы тауып алады. Сондықтан заң жобасында металл іздегіштер мен осындай құрылғыларды лицензиясыз пайдалануға тікелей тыйым салу ұсынылған. Бұл тарихи мұрамызды тонаудан, қорғауға бағытталған нақты қадам деп ойлаймыз», – деді депутат.

Аймағамбетов заң жобасы бойынша әлі де талқылауды қажет ететін бірнеше маңызды мәселе бар екенін атап өтті.

Жер кадастрына ескерткіштердің қорғау аймақтарын енгізу

  • Қазір құрылыс басталарда азаматтар жер учаскесінде тарихи-мәдени ескерткіштердің бар-жоғын білмейді. Осыны болдырмау үшін ескерткіштердің қорғау аймақтарын жер кадастрына енгізу ұсынылды. Бұл үшін Үкіметтің қолдауы қажет.

Жауапкершілікті күшейту мәселесі

    • Мемлекет басшысы бұл салада жауапкершілікті күшейту жөнінде нақты тапсырма берген. Заң жобасында тиісті нормалар ұсынылғанымен, Үкімет қолдамаған. Екінші оқылымға дейін бұл мәселені қайта қарап, Президенттің тапсырмасын орындау қажет.

    Инспекциялардың әлсіздігі

    • Жергілікті тарихи-мәдени мұраны қорғау инспекциялары қағаз жүзінде бар болғанымен, олардың нақты құзыреті, бақылау тетігі мен ресурсы жоқ. Бұл жүйені реттемейінше, бақылау орнату қиын.

      Асхат Аймағамбетов бұл заң жобасы Қазақстанның тарихи мұрасын сақтауға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

      Айта кетейік заң жобасында Аймағамбетов археология саласындағы деректер хаосын атап өтті.

      Сондай-ақ оқыңыз