Ақтөбеде әкесінің көлігін айдаған жасөспірім жол апатынан қайтыс болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Ақтөбеде әкесінің көлігін айдаған жасөспірім жол апатынан қайтыс болды / Фото: Shutterstock

Ақтөбеде әкесінің көлігімен рұқсат айдап кетуді шешкен жасөспірім жол апатына түсіп, қайтыс болды. Бұл туралы HALYQSTAN Telegram-арнасы жазды.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға «Бауырластар» тұрғын ауданында болған. Сегізінші сынып оқушысы көлікке ие бола алмай, апатқа ұшыраған. Жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, жарақаттан қайтыс болды.

Бір қызығы, полицияның мәліметінше, бұл соңғы екі айдағы осы аудандағы екінші жағдай болған. Бұған дейін, 2 қыркүйекте Әлімхан Ермек көшесінде ата-анасының рұқсатынсыз Mitsubishi Сarisma көлігін басқарған 16 жасар жасөспірім жол апатынан қайтыс болған.

Құқық қорғау органдары болған оқиғаға байланысты ересектердің кәмелетке толмағандардың іс-әрекеттерін бақылау қажеттілігін еске салды.

Жыл басынан бері облыс аумағында 1632 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан екі мыңнан астам адам жарақат алып, 99 адам қаза тапты.

Өңірде 27-31 қазан аралығында балалардың, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және авариялардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқанын жазған едік. Апатта 12 адам қаза тауып, тағы алтауы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ оқыңыз