Балаларын терезеден лақтырды: қылмыстық іс жабық режимде қаралады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Балаларын терезеден лақтырды: қылмыстық іс жабық режимде қаралады / Фото: shutterstock

Екі баланың анасына қатысты іс материалдары Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түсті.

Қазақпарат агенттігінің мәліметінше, Павлодар облыстық сотында қылмыстық іс келіп түскенін және бірінші отырыс күні 2025 жылғы 5 қарашаға белгіленгенін хабарлаған. Сот ісін жүргізу тілі – қазақ тілі.

Сонымен қатар, қылмыстық істің жабық режимде қаралуына байланысты баспасөздің тыңдауға кіруіне тыйым салынған.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде сағат 13:00-де дәрігерлерге әйелдің терезеден екі баланы лақтырып жібергені, содан кейін Павлодардағы бесінші қабаттан өзі секіргені туралы хабарлама келіп түскен.

Кейін полиция оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.

Трагедия болған күні терезеден түкен екі баланың біріне операция жасалып, ота кезінде тоқтап, дәрігер реанимация жасап үлгерген. алайда бірнеше күннен кейін оның жүрегі тоқтап қалған.

Қайғылы оқиғадан екі апта өткен соң, үлкен баланың ауруханадан шығарылғаны белгілі болды. Оған бір жыл ішінде оңалту қажет болады.

Тамыз айының соңында дәрігерлер балалардың анасының ауруханадан шыққанын хабарлады. Қазан айының ортасында қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды. Сонымен қатар, полиция балалардың анасы психикалық денсаулық орталығынан жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз