«Бір реттік құбылыс»: сарапшы теңге неге нығайғанын түсіндірді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Осы апта теңге нығайып, доллар 530 теңгеге дейін арзандады. Алайда экономист Арман Батаев сарапшылар теңгенің нығаюы тұрақты емес, бір реттік құбылыс екенін айтады.

«Қазір байқалып отырған тұрақтылық – уақыт ұту мүмкіндігі. Үкімет пен қаржы секторы осы кезеңді тиімді пайдаланып, жаңа табыс көздерін: өңдеу өнеркәсібі мен шыкізаттың емес экспортты дамыта алса, теңге тұрақтылығын ұзақмерзімді деңгейге шығару мүмкіндігі бар. Әйтпесе, теңгеннің қазіргі курсы уақытша жеңіс болып қала береді», – деп жазады ол.

Теңге неге нығайды?

Сарапшының айтуынша, соңғы уақытта теңгенің күшеюіне бірнеше уақытша фактор әсер етті: мемлекеттік институттардың валюта сату көлемін арттыруы, салық кезеңі және Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесі.

«Бірақ бұл – стратегиялық емес, қысқа мерзімді шешімдер. Экономикада әлі де құрылымдық өзгерістер байқалмайды: импорт өсімі экспорттан жоғары, шикізат нарығы құбылмалы, ал мұнайдан тыс инвестициялар баяу өсім жатыр», – дейді ол.

Одан бөлек, Қаржы министрлігі он жыл үзілістен кейін, алғаш рет еурооблигацияларды бұрынғы қарызды өтеу үшін емес, жаңа мақсат – бюджет тапшылығын жабу үшін шығарды. Өткен аптада орналастырылған бес жылдық 1,5 млрд доллар көлеміндегі евробондтар бұған дейінгі қарыздармен байланысты емес. Сарапшының пікірінше, түсімдер теңгеге айырбасталып, мемлекет шығындарын қаржыландыруға бағытталған.

Бұл операцияның жанама әсері – валюталық нарықтағы теңге бағамының нығаюы. Үкімет евробондтардан түскен долларды бірден сатылымға шығарып, іс жүзінде Ұлттық банк емес, Үкімет валюталық интервенция жүргізгендей болды.

«Бұл – жаздағы теңге құлдырауынан кейін нарықтағы сенімді қалпына келтіруге арналған тактикалық қадам», – дейді маман.

29 қазанда Қазақстан қор биржасында доллар бағамы бірден 5,4 теңгеге арзандаған. 30 қазандағы саудада доллар орта есеппен 530 теңгеден сатылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз