Жаңалықтар

Алматы әкімінің орынбасары болған Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті

Ержан Бабақұмаровты Астанада өлтіріп кетті / Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы әкімінің орынбасары болған Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Ақпаратты Астана қаласы полиция департаменті растады.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, бір-бірін бұрыннан танитын адамдар арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан», – делінген ақпаратта.

Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақатынан көз жұмған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болды.

2025 жылдың ақпанында Бабақұмаров 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған еді.