Луврды тонады деген күдікпен бес адам қамауға алынды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Луврды тонады деген бес адам қамауға алынды / Фото: Dimitar Dilkoff/AFP/Getty Images

Париж полициясы Луврдағы тонау ісі бойынша бес адамды қамауға алды. Париж прокуроры Лора Бекконың айтуынша, олардың арасында тонауды ұйымдастырды деген күдікке ілінген адам бар.

Қылмыс орнынан оның ДНҚ ізі табылған. Қалған күдіктілер, тергеуге маңызды ақпарат беруі мүмкін, бірақ олардың тонау кезіндегі нақты рөлі әзірге жария етілмеген.

«Қазір олардың кім екені туралы айтуға әлі ерте», – деп атап өтті прокурор.

Осыған дейін Луврдағы зергерлік бұйымдарын ұрлады деген екі күдікті тұтқындалған. Полиция оларды да ДНҚ ізі арқылы тапты.

Еске салайық, 19 қазанда Лувр мұражайында ұрлық жасалды. Бетперде киген адамдар жеті минуттың ішінде Наполеон Бонапарт пен француз монархтарына тиесілі асыл тастар мен әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз