Жаңалықтар

2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы қанша теңгеге өседі

Ең төменгі зейнетақы 69 049 теңге болады / Фото: kursiv.media мұрағаты

Сенатқа Мәжіліс қабылдаған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы келіп түсті.

Құжатқа сәйкес, жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы көлемі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ға ұлғайтылады

Заңда сондай-ақ келесі негізгі әлеуметтік көрсеткіштер белгіленген:

ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;

ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге;

ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Мәжіліс депутаттары ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынғанымен, Үкімет бұл ұсынысты қолдамады, сондықтан норма заңға енгізілген жоқ.

Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған ай сайынғы өтемақы мөлшері 3739 теңге болып белгіленеді. Бұл өтемақы мерзімді қызметшілерден басқа әскери қызметшілерге, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне төленеді.

Айта кетейік, бұған дейін енді әйелдердің зейнетке шығу жасы біртіндеп ұлғаятынын жазғанбыз.