Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінен шығарылды

Қазақстан президентінің бұрынғы көмекшісі Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің құрамына кірмейді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі хабарлады.
«»Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жалғыз акционерінің (KASE – BTRK тикері) 2025 жылғы 14 қазандағы шешімімен Қ.Б. Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды», — делінген 30 қазан, бейсенбіде таратылған хабарламада.
Енгізілген өзгерістерден кейін «Бәйтерек» директорлар кеңесіне енді тоғыз адам кіреді.
Қанат Шарлапаев 2022 жылы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингін басқарып, басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2025 жылдың қыркүйегінде президенттің жарлығымен Шарлапаев экономикалық мәселелер жөніндегі көмекші қызметінен босатылып, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінен шығарылған.
Шарлапаев Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, сондай-ақ британдық Cranfield School of Management бітірген. Ол өзінің мансабының көп бөлігін Citi халықаралық инвестициялық тобында өткізді.
2015 жылы ол қаржы директоры болып тағайындалды. Содан кейін Басқарма төрағасының орынбасары және Ситибанктің аға вице-президенті болды. 2017-2020 жылдар аралығында Ресей, Украина және Қазақстан бойынша басшысы қызметін атқарды.
2020 жылдан 2022 жылға дейін Шарлапаев Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарында стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі аймақтық директор қызметін атқарды.
2022 жылдың соңында Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Бұған дейін Ресей мен Ұлыбритания азаматтығы болған.