Қазақстанда жаңа университет ашылады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі сайтынан

Қазақстанда Үндістандағы сот ғылымдары ұлттық университетінің филиалы ашылады. Жаңа оқу орны ІІМ Басқару академиясы базасында болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен хабарлады.

Оқу орны базасында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков және Үндістан Ұлттық сот ғылымдары университетінің өкілі Шри Джадежа кездесті.

«Жиында Қазақстанда NFSU филиалын құру мәселелері талқыланды. Оның мақсаты – еліміздің құқық қорғау органдары үшін киберқауіпсіздік, цифрлық криминалистика, сот сараптамасы және қолданбалы қылмыстық тергеу салаларында жоғары білікті мамандар дайындау», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

ІІМ Академиясы базасындағы NFSU түлектеріне қос елдің дипломы беріледі.

Бұған дейін министрлік Оңтүстік Кореяның ғылым және технологиялар институтымен (KAIST) жаңа оқу орнын ашуға уағдаласқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз