Қазақстанға Кореядан келген туристер саны 20%-ға өскен

Жарияланды 30 Қазан 2025 22:18

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Медеу
Қазақстанға Кореядан келген туристер саны 20%-ға өскен / Фото: Алматы әкімдігі

Оңтүстік Кореядан Қазақстанға келген туристер ағыны осы жылдың тоғыз айында 25%-ға өсті, деп хабарлады Kazakh Tourism.

Компанияның мәліметінше, тоғыз айдың ішінде елімізге 41,3 мыңнан астам Оңтүстік Корея азаматы келген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен төрттен бір асады.

«Оңтүстік Корея азаматтары Қазақстанды жиі таңдайды. Оған тікелей әуе рейстері, визасыз режим, еліміздің табиғатына, мәдениетіне және ұлттық тағамына қызығушылық та өз әсерін тигізеді», – делінген Ұлттық компания хабарламасында.

Небәрі тоғыз айдың ішінде Қазақстанға 12,2 миллионнан астам шетел азаматы келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 730 мыңға артық. Көшбасшылар қатарында Қытай, Үндістан, Түркия және Германиядан келген туристер де бар.

Бұған дейін Kazakh Tourism-де Қазақстанда шетелдік туристердің қандай курорттарға баратыны және онда қанша ақша жұмсайтыны айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз