Луврды тонаған күдіктілер ұрлыққа қатысы барын мойындады

Жарияланды 30 Қазан 2025 00:20

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Луврды тонаған күдіктілер ұрлыққа қатысы барын мойындады / Фото: Dimitar Dilkoff/AFP/Getty Images

Лувр мұражайынан француз корольдігінің зергерлік бұйымдарын ұрлау ісінде ұсталған екі күдікті қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Олар қамауға алынды. Бұл туралы 29 қазан, сәрсенбіде Париж прокуратурасы хабарлады.

CNN ақпаратына сүйенсек, ұрланған зергерлік бұйымдар әлі табылмаған. Қылмыскерлер жеті минут ішінде Аполлон Лувр галереясынан ондаған миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдарды алып, қашып кеткеннен кейін оқиға бүкіл әлемнің назарын аударды.

Екі адам 25 қазан, сенбі күні кешке ұсталды, содан кейін олар 96 сағат бойы қамауға алынып, жауап алынды. Әзірге тағы екі күдікті іздеуде.

Бірінші күдікті – Алжирдің 34 жастағы азаматы, бұрын жол қозғалысына байланысты бұзушылықтар үшін жауапқа тартылған. Ол мотороллерлердің бірінен табылған ДНҚ іздері арқылы анықталды.

Екінші күдікті – 39 жастағы заңсыз такси жүргізушісі және курьер, Париждің маңында, Обервиллерде дүниеге келген. Ол бұған дейінді ұрлық жасаған. Прокуратураның хабарлауынша, оның ДНҚ-сы витриналардың бірі бұзылған кезде сынған әйнектің сынықтарынан табылған.

«Төрт қылмыскердің мұражай ішінен қандай да бір көмек алғаны туралы ақпарат жоқ. Олар қазір прокурордың алдында және тергеушілер ұйымдасқан топ жасаған қарақшылық туралы бап бойынша ресми тергеу жүргізуге ниетті. Бұл қылмыс үшін он бес жылға бас бостандығынан айырылып, үлкен айыппұлмен жазаланады», — деп қосты ол Париж прокуроры Лаура Бекко.

Іздеу мен тергеуге 100-ден астам полиция қызметкері тартылған. Құқық қорғау органдары 150-ден астам ДНҚ үлгілерін талдап, топ қылмыс орнында қалдырған бірнеше заттарды: қолғаптарды және дулығаларды зерттегеннен кейін күдіктілердің ізіне түсті.

Ер адамдардың бірі Шарль Де Голль әуежайында елден кетуге тырысқанда ұсталды. Ол Алжирге кешкі рейске отырар алдында төлқұжаттарды тексеру кезінде тоқтатылды.

Ұрланған зергерлік бұйымдар – олардың арасында мыңнан астам гауһар тастармен безендірілген және Наполеон екінші әйеліне сыйға тартқан Изумруд алқасы – ұсталған кезде табылған жоқ.

Еске салайық, ұрылар 19 қазанда француз корольдігінің зергерлік бұйымдары сақталған Луврдың жоғарғы қабатындағы Аполлон галереясын тонады. Олар галереяға терезе арқылы кіру үшін жүк көлігіне орнатылған баспалдақты пайдаланған. Олар қорғаныс деңгейі жоғары екі витринаны ашып, тоғыз экспонатты, соның ішінде Мари-Амелия мен Гортензия патшайымға тиесілі гауһар тастар мен сапфирлерден жасалған зергерлік бұйымдар жиынтығын ұрлап кетті.

Ұрланған зергерлік бұйымдардың құны шамамен 88 миллион еуроға ($102 миллион) бағаланады.

Сондай-ақ оқыңыз