Жаңалықтар

Сенатор қазақ тілін оқыту бағдарламасын қайта қарауды ұсынды

Фото: shuttersctock

Сенатор Руслан Рүстемов балабақшаларда, мектептер мен жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту тәсілін жаңартуды ұсынды.

Рүстемовтің айтуынша, қазіргі бағдарламалар оқушылардың сөйлеу және ойлау дағдыларының дамуын толық ескермейді. Грамматика тереңдетілмей оқытылады, ал тақырыптар «қарапайымнан күрделіге» қағидаты бойынша қайталанып, жүйелі түрде бекітілмейді.

Сонымен қатар сенатор жоғары оқу орындары үшін біртұтас стандарттың жоқтығына назар аударды: әр университет «Филология» мамандығы бойынша бағдарламасын өз бетінше әзірлейді.

Осыған байланысты ол бүкіл елге ортақ бағдарлама әзірлеуді және қазақ тілін кәсіби пән ретінде барлық бағыттағы студенттерге, соның ішінде қазақ тілінде білім алатын топтарға да, міндетті түрде оқытуды ұсынды.