
Ош қаласында халыққа қызмет көрсететін орындардың атауларын тексеру бойынша рейдтер басталды. Өзге тілдегі маңдайшалар алынады.
Бұл туралы 24 kg ақпарат таратты. Қала әкімдігінің хабарлауынша, 29 қазан күні Ош мэриясы жанындағы Мемлекеттік тіл жөніндегі комиссияның мүшелері кафе, мейрамхана, сұлулық салондары, дүкендер және басқа да коммерциялық нысандарды аралаған.
Рейд барысында кәсіпкерлерге нысан атауларында мемлекеттік тілді қолдану қажеттігі ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Еске сала кететін жайт, Ош қаласының мэрі Женишбек Токторалиев 10 қарашаға дейін шетел тілдерінде жазылған барлық кафе, мейрамхана және кәсіпорын маңдайшаларын қырғыз тіліне ауыстыруды тапсырған болатын.
Сондай-ақ Қырғызстан өлім жазасын қайтаруды талқылап жатыр.