ШҚО-да 19 жастағы хоккейшінің өліміне байланысты сотталған азамат рақымшылыққа ілінді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
ШҚО-да 19 жастағы хоккейшінің өліміне байланысты сотталған азамат рақымшылыққа ілінді / Фото: Фото: Instagram.com/hctorpedokz

Шығыс Қазақстан облысында сот «Торпедо» жастар командасының 19 жастағы хоккейшісі Иван Пыленоктың өлімі туралы іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Сот материалдарындағы ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға өткен жылдың 2 тамызында Борис Александров атындағы Спорт сарайының фойесінде болған. Иван мен оның танысы Л. арасында жанжал туындап, оқиға бейнебақылау камерасына түскен. Жазбада Л. жас жігітті мойнынан ұстап, біраз уақыт күшпен ұстап тұрғанын көруге болады.

«Біраз Иван құлап түсті. Нәтижесінде ол ауруханаға келгенге дейін қайтыс болды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, өлім мойынның рефлексогендік аймағының жабық жарақаттануы нәтижесінде пайда болды, бұл жүрек қызметінің рефлекторлық тоқтауына әкелді», – делінген облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Судья сотталушының іс-әрекеті мен жәбірленушінің қайтыс болуы арасында себеп-салдарлық байланыстың болуын анықтаған. Сот Л. есімді азаматтың әрекеттін абайсызда өлімге әкеп соқтырған қылмыстық немқұрайлылық деп таныған (ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі).

Жәбірленушінің ата-аналары мен олардың өкілдері айыптауды Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне – абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қайта қарауды сұраған. Алайда сот бапты өзгертпеген.

Л. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға байланысты босап шыққан.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз