
Қазақстанда ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларға арналған байқау басталды деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Байқау түрлі саладағы үздік зерттеулер мен жетістіктері үшін ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерді ынталандыру мақсатында өткізіледі:
- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
- педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
- түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;
- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлық;
Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлердің жұмыстарын қабылдау «Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Барлығы 75 мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалған, оның ішінде қырық жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.