Оңтүстік Кореяда Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі өтіп жатыр

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: AP

АҚШ экс-президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында келіссөздер өткізіп жатыр. Бұл кездесу екі алпауыт мемлекет арасындағы қатынастарды қайта жандандыруға бағытталған деп жазады халықаралық басылымдар.

Жеке кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де (Астана уақытымен 07:00-де) Кимхэ әскери әуебазасында өтті. Си Цзиньпин Пусанға Азиаттық-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық (АТЭС) саммитіне қатысу үшін келген.

Трамп пен Си Цзиньпин залға қарама-қарсы жақтардан кіріп, АҚШ пен Қытайдың туы алдында қол алысты. Екі елдің басшысы баспасөз өкілдеріне қысқаша мәлімдеме жасады.

« Біз кейбір мәселелерді талқылаймыз. Көп нәрсе бойынша алдын ала келісіп қойдық, енді бірнеше бағытты нақтылаймыз. Төраға Си – ұлы елдің ұлы көшбасшысы. Біздің қарым-қатынасымыз алдағы көптеген жылдарға созылатын тамаша достыққа айналады. Сізді арамызда көру – біз үшін үлкен мәртебе», – деді Трамп

Өз кезегінде Си Цзиньпин де жылы жауап берді.

«Сізбен кездескеніме қуаныштымын және сізді қайта көргеніме өте қуаныштымын», – деп ризашылығын білдірді.

Қытай басшысы атап өткендей, осы жылдың басынан бері ол Трамппен үш рет телефон арқылы сөйлесіп, бірнеше хат алмасқан және «тұрақты байланыста болған».

Айта кетейік, кездесу болып жатқан тұста Трамп ядролық қаруды шұғыл түрде сынауға бұйрық берді.

Сондай-ақ оқыңыз