Тоқаев «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен кездесті

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Тоқаев «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен кездесті / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен кездесіп, клубтың 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионын аралап көрді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Фото: Ақорда

«Нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталған. Жаңа спорт кешені UEFA талабы бойынша IV санатқа сай келеді. Аренада халықаралық сайыстармен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге болады», – делінген Ақорда хабарламасында.

Фото: Ақорда

Айта кетейік спорт кешенінде бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар бар. Кешенге келген президент клуб ойыншылармен әңгіме дүкен құрған.

Фото: Ақорда

««Қайсар» – елімізде жеке меншікке өткен алғашқы клубтардың бірі. Алдағы уақытта футбол академиясы салынады. Клубтың келешегі жарқын болады деп ойлаймын. Баршаңызға табыс тілеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында президент футбол добына қолтаңба қойған.

Сондай-ақ оқыңыз