
Премьер-министр Олжас Бектенов инвестиция тарту қарқыны төмен өңірлердің әкімдеріне өз орынбасарларынан талап қоюды тапсырды.
Үкімет дерегінше, Астана қаласы мен Түркістан облысы негізгі капиталға инвестиция тарту жоспарын орындау бойынша көш бастап келеді.
Ал Қарағанды, Атырау, Ұлытау және Абай облыстары белгіленген межеден артта қалып отыр. Бұл аймақтардағы көрсеткіштер ел бойынша орташа деңгейден төмен.
Бектеновтың айтуынша, инвестиция тарту – өңір экономикасының өсуіне тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан әкімдер бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, жауапты орынбасарлардың жеке жауапкершілігін арттыруы тиіс.