Алтын құймаларын көбіне алматылықтар сатып алған

Қазақстанда 2025 жылдың үшінші тоқсанында 8 000-нан астам алтын құйма сатылған. Ең көп алтын Алматы, Астана мен Қарағандыда сатылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
» Ұлттық Банк 2025 жылғы III тоқсанда екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 438,4 кг болатын 8 302 өлшемді құйма сатты», – делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.
Алтын құймаларының 71%-ы Алматыда (5 874 дана), 7%-ы Астанада (600 дана), 6%-ы Қарағандыда (460 дана) сатылған.
Қазір елімізде өлшемді құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкінде және банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде сатып алуға және сатуға болады.
«2025 жылғы III тоқсанда ЕДБ мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алынғанды есепке алғанда, халыққа жалпы салмағы 409,0 кг болатын 9 110 өлшемді құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы сатылған құймалардың жалпы саны – 246 882, ал олардың жалпы салмағы – 8,6 тонна», – делінген хабарламада.
Көбіне халайық 10 грамм құйманы сатып алады, сату көлеміндегі жалпы үлесі 26% – 63 740 дана. Екінші деңгейде 5 грамм құйма, – 53 978 дана (22%), 100 грамдық құймадан сатылғаны – 50 779 дана (21%), 20 грамдықтан – 44 707 дана (18%) және 50 грамдық құймадан – 33 678 дана (13%) сатылған.
Ұлттық банк алтын құймаларын ұқыптап ұстауға және қорабын бүлдірмеуге шақырады. Себебі бұл сапа сертификатымен бірге сатылады.
