Жаңалықтар

Атырау облысында өзіне қол жұмсаған шенеуніктің ісі тергеліп жатыр

Атырау облысында өзіне қол жұмсаған шенеуніктің ісі тергеліп жатыр / Фото: Shutterstock

Әлеуметтік желіде Атырау облысының Құрманғазы ауданында мемлекеттік қызметші өзіне қол жұмсап, қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Кейбір мәліметтер ақпаратына сүйенсек, ол өзін аңшылық мылтықпен атып өлтірілген.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, қаза тапқан азамат — аудан әкімдігінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 36 жастағы басшысы Қуаныш Имашев.

Қайғылы оқиға 30-31 қазанға қараған түні болған.

«Өлім фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы – «суицидке жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу басталған», – деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Қайтыс болған ер адамның артында төрт баласы қалған.