
Kaspi жаңа төлем әдісі — Kaspi Alaqan-ды ұсынды. Енді дүкенде телефонсыз, интернетсіз және картасыз алақанмен төлем жасауға болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Инновациялық жобаның іске қосылғаны туралы Kaspi негізін қалаушы Михаил Ломтадзе 31 қазанда Almaty театрда жаңа сервистің тұсаукесері кезінде айтты.
Ломтадзенің айтуынша, технология 2025 жылдың желтоқсанында — алдымен Алматының сауда орталықтарында, содан кейін бүкіл ел бойынша іске қосылады. Алақанмен төлем жасау банкоматта да жасауға болады. Kaspi серіктестері үшін үш ай ішінде 0% комиссия акциясы қолданылады.
«Бұл смартфон қолданудан жылдамырақ. Бірінші рет жасап көргенде, керемет сезім болады. Бұл технологияның артында Kaspi ID сияқты қауіпсіздік шешімдері бар. Пайдаланушы алақан ізін кез келген уақытта жоя алады», — деп атап өтті Михаил Ломтадзе.
Ол Алматыда жаңа жүйеге арналған 20 мың құрылғы бар екенін айтты. Бірінші болып Kaspi alaqan жүйесін сынақтан UFC жауынгері Шавкат Рахмонов өткізді.
Ломтадзе алақанмен төлеу технологиясы Қытайда тез танымал болып келе жатқанын, бірақ қазақстандық нұсқасы бірқатар инновациямен өзгертілгенін атап өтті.