Қайрат Нұртас концерті кезінде Алматыда бірнеше көше жабылады

Жарияланды 31 Қазан 2025 10:26

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Кайрат Нуртас может получить штраф за нарушение авторских прав
фото: instagram.com/kair_n, бильд-редактор: Дастан Шанай

31 қазанда қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас Орталық стадионда концерт өткізеді. Соған байланысты Алматы қаласында бірнеше көше жабылуы мүмкін. Полиция осылай деп ескертті.

Алматы полициясы Қайрат Нұртастың стадионда өтетін концерті кезінде қоғам тәртібі мен көрермендер қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұған қоса, мегаполисте бірнеше көше жабылады.

«Кептелістерді болдырмау мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін», – деп хабарлады polisia.kz.

Соған байланысты полиция қала тұрғындары мен қонақтарына шектеуге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

«Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар», – дейді полиция қызметкерлері.

Танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың концерті жұма күні кешкі сағат 19.00-де басталады. Стадиондағы кешке «Ирина Қайратовна», Ninty One топтары, сонымен бірге Nazima арнайы қонақ ретінде шақыртылған.

Осының алдында ғана Қайрат Нұртас Назимаға гүл сыйлаймын деп, сынның астында қалған.

Бұған дейін Kursiv.Media Қайраттың Теміртау қаласындағы концерті өтіп жатқан кезде оқыс оқиға болғаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз