
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу салды. Ол әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Полиция мәліметіне сүйенсек, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен іздестірілді.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – деп жазды ведомство.
Бұған дейін оны Қырғызстан полициясы түрлі ұлт өкілдеріне айтқан бейәдеп сөздеріне байланысты тергеуге алынған.
Екатерина Бивол – ресейлік/қырғызстандық боксшы, WBA, WBO және IBF жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі. Ерлі-зайыптылар 2023 жылы 16 жылдық некеден кейін ажырасқан. Олардың екі ұлы бар — Мирон (2014 ж.т.) және Никон (2017 ж. т.), ажырасқаннан кейін балалар анасымен қалды.
Ажырасқаннан кейін боксшының әйелі әлеуметтік желіде белсенді бола бастады. Ол бұрынғы күйеуі туралы үнемі эмоционалды хабарламалар жазып жүрген. Ол боксшыны алимент мөлшерін азайту үшін кірісін жасырды деп айыптады, сонымен қатар, оның жанкүйерлерін сынға алған.
