
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті. 85-отырысы аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен, сондай-ақ Беларусь Республикасының қорғаныс министрі Виктор Хренинмен келіссөз өткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2026 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Құжат қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Келіссөз барысында өңірлік қауіпсіздік, әскери кадрларды даярлау және әскери-патриоттық тәрбие бағыттарындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Дәурен Қосанов ресейлік әріптестеріне халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиынын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, 2026 жылы аталған шараның Щучинск қаласында өтетінін хабарлады.
Министрдің айтуынша, кездесу Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға серпін береді.
 
                                                             
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                    