Құлап бара жатқан Назарбаевтың қола мүсіні бірнеше мың долларға сатылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
құлап бара жатқан Назарбаев мүсіні
Құлап бара жатқан Назарбаев мүсіні / фото: Әнуар Рақышев

Белгілі қазақстандық заманауи суретші Ербосын Мелдібековтің «Құлаған Назарбаев» атты мүсіндерін ресейлік өнер мұражайы сатып алды. Бұл туралы NBK басылымы хабарлады.

Туындыны Мәскеудегі жекеменшік Garage заманауи өнер мұражайы бірнеше мың долларға сатып алған. Нақты сома жария етілмеді.

Инсталляция Талдықорғанда орнатылған. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде наразылар құлатқан Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің бес қола көшірмесінен тұрады. Сол композиция арқылы автор экс-президент мүсінінің үш секундтағы құлау сәтін бейнелеген.

Мелдібековтің бұл еңбегі алғаш рет 2024 жылдың ақпанында өткен «Боран – Байқоңыр, Жібек жолы мен Құс жолының арасында» атты жеке көрмесінде көпшілікке таныстырылған еді. Көрмені Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев негізін қалаған «Целинный» заманауи мәдениет орталығы ұйымдастырды.

Алайда инсталляция үлкен дау туғызды, ұйымдастырушылардан туындыны алып тастауды талап еткен. Суретші мен куратор Дастан Қожахметов бұл талаптан бас тартқан соң, олармен серіктестік тоқтады.

Сондай-ақ оқыңыз