Қырғыздар ұлт ретінде қартайып жатыр

Болашақта Қырғызстан жедел қартаю процесіне тап болмақ. Бұл елдегі жағдайға арналған аналитикалық шолу барысында айтылды.
24 kg хабарлауынша, алдағы жылдары кәрі қырғыздардың саны көбейе түстек.
Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, 2030 жылға қарай 65 жастағы және одан үлкен азаматтардың үлесі шамамен 7 пайызға жетеді. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 19 пайызға жуықтайды. Бұл Қырғызстанды Еуропа елдерінің деңгейіне жақындатып, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау жүйесіне жаңа сын-тегеуріндер тудырады.
«Қырғызстан демографиялық қартаю кезеңіне қазірдің өзінде енді. Бұл – алыс болашақ емес, бүгінгі шындық. Ол жүйелі әрі ведомствоаралық шешімдерді қажет етеді. Ең өзекті мәселелердің бірі – 75 жастан асқан адамдар санының артуы. Бұл – ерекше назар мен қолдауды қажет ететін ең осал жас тобы», – деп атап өтті сарапшылар.
Олардың айтуынша, жылдам демографиялық өзгерістер, кедейліктің жоғары деңгейі, аймақтар арасындағы айырмашылықтар мен арнайы қызметтердің жеткіліксіз дамуы қауіп туғызады.
Мұның алдында Қырғызстанның Ош қаласында қырғыз тілінде жазылмаған маңдайшалар алып тастап жатқаны туралы жазған едік.
