Қытай компаниясы Қазақстанның батысынан мұнай іздейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қытай компаниясы Қазақстанның батысына мұнай іздейді / Фото: kursiv.media

Қытай компаниясы Қазақстанның батысында мұнай іздеуді бастайды Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Қор биржасына жолдаған хабарламасында жазылған.

2025 жылдың 29 қазанында Қазақстанның Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және Қытайдың Sinopec International Energy Investment Holdings Netherlands B.V. компаниясы арасында келісімшартқа қол қойылды.

Құжатқа сәйкес, тараптар Батыс Қазақстан облысындағы «Березовский» учаскесінде мұнай мен газ барлау және өндіру жұмыстарын жүргізеді.

2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары аясында жалпы құны 16,54 миллиард доллар болатын 30 коммерциялық құжатқа қол қойылған еді. Солардың арасында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен SINOPEC қол қойған келісі бар.  

Биыл жазда қос тарап аталмыш жобаға қатысты бірлескен қызметтер мен қаржыландыру туралы келісімге қол қойған. Құжат бойынша, компаниялар жобаны теңдей ақша бөледі. Ал барлау кезеңін Sinopec компаниясы қаржыландырады.

Сондай-ақ оқыңыз