Ресей, Корея мен Польша: Қазақстанның қанша азаматы шетелде жұмыс істеп жүр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қанша қазақстандық шетелде жұмыс істеп жүр / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазіргі кезде 156,7 мың қазақстандық шетелде еңбек етіп жүр. Олардың басым бөлігі Ресейге жұмыс іздеп кеткен: 128,8 мың адам. Корея Республикасында 15,2 мың адам еңбек етсе, Польшада 2,6 мың Қазақстан азаматы жүр. Ал екі қолға бір күрек іздеп Ұлыбританияға кеткендердің қатары 1,4 мыңнан асады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, шетелде жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында бірқатар келісімдер жасалып жатыр.

Мысалы, өткен жылы Қазақстан мен Катар арасында сол елде еңбек ететін қазақстандықтардың жағдайын реттейтін келісімге қол қойылды. Ал биыл Ұлыбританиямен еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы бекітілді.

Тағы бірнеше ел: Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Словакия, Жапония, Швеция, Италия, Норвегия, Польша, Чехия, Румыния және Финляндиямен осындай келісім жасау бағытында жұмыс жүріп жатыр.

Сонымен қатар Қазақстанда шамамен 400 жеке жұмыспен қамту агенттігі қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастырумен айналысады. Үкімет олардың қызметін заң жүзінде реттеуді көздейтін түзетулер әзірлеген.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда 11 мың қазақстандық заңсыз жұмыс істеп жүргені хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз