Тоқаев әділетті, таза, қауіпсіз және күшті Қазақстан туралы айтты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
президент Қасым-Жомарт Тоқаев
фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» форумында сөз сөйледі. Ол білім мен ғылымға арқа сүйеп, әділетті Қазақстан құруға болады деп есептейді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Бәріміз бір ел болып қолға алған реформалар – жұртымыздың жарқын болашағына апаратын даңғыл жол. Сондықтан біз алдағы уақытта да білім мен ғылымға арқа сүйеп, Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Күшті Қазақстанды құру ісін жалғастыра береміз», – дейді Тоқаев

Оның айтуынша, 2029 жылға қарай елде шетел студенттерінің саны 100 мыңға жетеді.

«Қазақстан жаһандық білім нарығының бір бөлігіне айналуды көздеп отыр. Сондықтан алдымызға күрделі, алайда аса маңызды мақсат қойдық. Оған жету үшін әлемнің 40 жетекші университетімен серіктестік орнатылып, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылды».

Президент барлық филиалда қазақ тілі мен Қазақстан тарихы міндетті пән ретінде оқытылатынын атап өтті.

«Бұл шетелдік студенттердің мәдениетіміз бен менталитетімізді терең түсінуіне көмектеседі, – деді Тоқаев.

Бұған дейін Kursiv.Media үкімет 2026 жылы білім мен ғылым ақшасын 100 млрд теңгеге қысқартқаны туралы жазған. Ал оның алдында 2025 жылы елде білім гранттары әлдеқайда аз бөлінгені мәлім болған

Сондай-ақ оқыңыз