Тоқаев Тасмағамбетовпен кездесті
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                                    
                
                            
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді», – делінген Ақорда хабарламасында.
Тасмағамбетов Тоқаевқа қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындықтың қалай жүріп жатқанын баяндады. Бұған қоса, ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқылаған.
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жылға тағайындалған болатын.
