Түрік компаниясы Қазақстанда алтын мен мыс өндіреді

Miryildiz Mining түрік компаниясы Қазақстанда алтын мен мыс өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы тау-кен компаниясының бас директоры Эмрах Эрдэм Астанадағы форумда мәлімдеді.
«Біз алтын мен мыс өндірумен айналысамыз. Түркияда зауыттарымыз бар. Олар шамамен 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. 2026 жылдың аяғына қарай Қазақстанда алтын өндіре бастаймыз», – деді ол Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR) форумында.
Топ-менеджердің айтуынша, компания Қазақстан даму банкімен («Бәйтерек» холдингіне еншілес банк) әріптестік орнатқан.
Инвестор Miryildiz Mining бес елде алтын, мыс, мырыш және басқа да металдар өндіретінін мәлімдеді. Ал оның басты нарығы – Түркия. Компания жыл сайын 1 млн тонна мыс өндіреді.
«Қазір біз Қазақстанда да мыс өндіру бойынша мақсат қойып отырмыз», – дейді Эрдэм.
Ол Шығыс Қазақстанда мыс өндіру болашағын жоғары бағалады. Компания Абай және Павлодар облыстарында жұмыс істейді. Бұған қоса, топ-менеджер республикада алтын, сирек кездесетін металл және басқа да пайдалы қазбалар өндірісінің болашағы зор деп есептейді.
Miryidiz Mining 2025 жылғы сәуірде Абай облысының әкімі Берік Уәлиге алтын комбинаты құрылысының жобасын көрсеткен. Оның жалпы құны 482 млн долларға бағаланған. Комбинатта екі мыс жұмысшы істейді. Түрік компаниясы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, кен өндіру мен байытуға қажетті құрал-жабдықтардың бір бөлігін сатып алған.
Miryidiz Mining бүкіл әлем бойынша барлау мен өндіруге қатысты 100-ден астам лицензияға ие. Компания Орталық Африка Республикасы, Сьерра-Леоне және Гамбияда жұмыс істейді. Қазір ол ОАР-да алтын өндіретін кәсіпорын салып жатыр.
Бұған дейін MIRYILDIZ KZ Ltd (Miryidiz Mining құрамына кіреді) Жетісу мен Абай облыстары аумағында Тақыр деп аталатын жерде 2025-2030 жылдары барлау жұмыстарын жүргізетінін хабарлаған.
Мыс пен алтын бағасы биыл қатты көтерілді. Қазір мыстың бір тоннасы 11 мың доллардан асады. Ал алтынның бір унциясы 4 мың доллардан асып жығылады.
 
            