Жұлдыз Әбдікәрімова кіммен кездесуге шығып жүргенін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жұлдыз Әбдікәрімова кіммен кездесіп жүр / фото: ашық дереккөзі
Жұлдыз Әбдікәрімова кіммен кездесіп жүр / фото: ашық дереккөзі

Жұлдыз Әбдікәрімова кіммен кездесуге шығып жүргенін айтты. Кімді жиі кездесуге шақырып тұратынын да жасырмады.

Актрисаның айтуынша,  одан оқырмандарының бірі соңғы рет кіммен кездескенін, оның қалай өткенін сұраған.

«Мәселен, мен өзімді жиі кездесуге шақырып тұрамын. Әдемі киімімді киіп, боянып, көңілім қалаған дәмханаға барып, тәбетім тартқан асқа тапсырыс беремін», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сонымен қатар, актриса Қайрат Нұртастың Алматыда өтетін концертіне де қатыспақ. Ол сол концерттің басы-қасында жүргенін де мәлімдеді.

«Дайындық. Мына масштаб бұрынғыдан бөлек болып тұр», – деп жазды актриса.

Айта кететін жайт, Қайрат Нұртастың Орталық стадионда өтетін концертіне Алматы полициясы қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.

Көлік қозғалысының кептелісін болдырмау үшін Абылай хан даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің арасындағы аумақта автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.

Мұның алдында Қайрат Нұртастың қызы шешесі Жұлдыз Әбдікәрімовадан кімнен жүкті болғанын сұрағаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз