Бельгияға қарсы ойнайды: Сәтбаев пен Анарбеков құрамаға шақырту алды

«Қайрат» клубының төрт ойыншысы Қазақстан құрамасына шақыртылды. Олардың арасында жас шабуылшы Дастан Сәтбаев пен қақпашы Темірлан Анарбеков те бар.
Бұл екеуі Бельгияға қарсы ойында ел намысын қорғайды. Сонымен бірге «Қайрат» клубының тағы екі футболшысы құрамаға көмектеседі. Еркін Тапалов пен Дамир Қасаболат та ұлттық команданың сары жейдесін киеді.
Іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан – Бельгия матчы 15 қарашада Астанада өтеді. Сосын алматылық төрт футболшы жолдастық кездесуге қатысу үшін Еуропаға аттанады. Фарер аралдарына қарсы матч 18 қарашаға белгіленген.
Ұлттық құрама биыл екінші мәрте Бельгияға қарсы ойнайды. 7 қыркүйектегі кездесуде Қазақстан 0:6 есебімен жеңіліп қалған. Қазақстанның әлем чемпионатына шыға алмайтыны сол кезде-ақ мәлім болған. Іріктеу турнирінің J тобында ешкімнен жеңілмеген Бельгия (22 ұпай) көш бастап тұр. Қазақстан 6 ұпаймен төртінші орында қалды. Бельгияны жеңіп жатса, үшінші сатыға көтерілуі мүмкін.
Сәтбаевты көпшілік бұрыннан жақсы біледі. Ол әлемнің ең дарынды жас футболшылар тізімінде жүр.
Анарбеков «Қайраттың» биылғы жетістіктері кезінде әлемге танылды. Мәселен, голкипер «Селтикке» қарсы ойында үш мәрте пенальти қайтарды. Соның арқасында «Қайрат» тарихта алғаш рет Чемпиондар лиганың топтағы бәсекесіне шықты. 22 жастағы қақпашының ерлігін жоғары бағалаған жомарт адамдар оған автокөлік сыйлады.