
Әлемге әйгілі поп-жұлдыз Майкл Джексонның мұрагерлері зорлық-зомбылық туралы мәлімдеп, сотқа жүгінгендерге құпия түрде 2,5 млн доллар төледі. Бұл туралы Financial Times жазды.
Басылым мәліметінше, осы уақытқа дейін әншінің туыстары Касио отбасының бес мүшесіне 16,5 млн доллар берген. Алайда айыптаушылар одан көп ақша сұрап, істің ашық сотта қаралуын талап еткен. Бірақ 2020 жылы тараптар бейбіт келісімге отырған.
Касио Доминик әншінің жақын досы болды. Ал оның үлкен ұлы Фрэнк жұлдыздың жеке көмекшісі болып істеді. Ол Джексонды балаларды бұзды деген айыптаулар көбейген тұста әншіні жақтап келген. Алайда 2019 жылы «Неверлэндпен қоштасу» фильмі жарыққа шыққан соң, Касио отбасы Майклдың өзін айыптауға көшкен.
Джексонның мұрагерлері биыл жазда Фрэнк Касионың өзін айыптап, сотқа шағым түсірген. Олар жалған мәлімет таратып, бопсалағаны үшін 213 млн доллар өндіріп беруді талап еткен. Іс әлі сотта қаралып жатыр.
Басылым мәліметінше, жанжалдың әнші туралы «Майкл» фильміне кесірі тиюі мүмкін. 155 млн долларға түсірілген киноның жарнама науқаны қарашада басталуы тиіс. Фильмді үлкен экранға шығару уақыты үш мәрте өзгерген. «Майкл» 2026 жылғы 24 ақпанда жарыққа шығады. Әншінің рөлін оның бір туысы Джаафар Джексон сомдаған.