
31 қазанда қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас Алматыда үлкен концерт өткізді. Орталық стадиондағы кеш барысында әншінің қызы Алау Нұртас сахнаға көтеріліп, әкесіне тосынсый жасады.
Қайрат Нұртас «Ол сен емес» әнін орындап жатқан уақытта бір топ биші жігіттің арасынан Алау Қайратқызы да көрінді. Ол да көптен қалыспай, сахна төрінде биледі
«Алау сахнада. Қасында әкесі тұрса да, жүрегім алқымыма тығылды. Өз тынысымды өзім естіп, қобалжыдым», – деп жазды әншінің әйелі, Алаудың анасы Жұлдыз Әбдікәрімова.

Қызының тосынсыйы мен өнеріне риза болған әнші де оны көрерменге таныстырып, көпшіліктен қолдау сұрады.
«Әкесін құрметтеп, қолдап келген апасының қызы Алауға қошемет көрсетсеңіздер. Менің қызыма тағы қол соғыңыздаршы», – деді қызының өнеріне тәнті болған Қайрат.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова жұбының бес баласы бар. 22 қыркүйекте үлкен отбасындағы ең кенже қыз – Рәбия Сұлтан дүние есігін ашты.
Бұған дейін Kursiv.Media Алау Нұртастың анасына қойған ыңғайсыз бір сұрағы туралы жазған еді.
Осының алдында танымал тележүргізуші Динара Сәтжан әншінің қызы Алауға араша түскен.