Қазақ жігітінің ерлігі желіде «вирус» боп тарады (видео)

1 қарашада Сауд Арабиясында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Біріншілікке жиырмадан астам елі қатысты. Солардың ішінде қазақ құтқарушысының жетістігі әлеуметтік желілерде «вирус» боп тарап жатыр.
Әлем чемпионатының барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша қазақ спортшылары жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеді. Ерлер құрамасы жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Бұған қоса, команда жекелеген сайыстарда екі қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер құрамасы да жалпы есепте төртінші орыннан көрінді. Құтқарушы қыздар үш қола жүлде жинап, ұлттық рекорд орнатты.
Бұл уақытта құрама сапындағы ақтаулық құтқарушы Абай Қонысбаевтың жетістігі әлеуметтік желілерде таралып кетті. Жергілікті Lada.kz басылымының мәліметінше, ол сатымен ғимаратқа көтерулі жарысында жеңіске жетіп, жеке рекордын жаңатты — 13,76 секунд. Абай кедергілері бар 100 метрлікте де топ жарды.