Шахматшы оқушылар Азия біріншілігінде 10 алтын жеңіп алды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
шахмат оқушылар Азия чемпионаты
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Жас шахматшылар мектеп оқушылары арасындағы Азия біріншілігінде 22 жүлде жинады. Солардың 10-ы – алтын.

1 қарашада Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында мектеп оқушылары арасындағы құрлық біріншілігі аяқталды. Бір аптаға созылған біріншілікке 16 елден 675 жас шахматшы қатысты. Қазақстан құрлық чемпионатына 38 шахматшы алып барды.

Алтын медаль иегерлері:

  • Алихан Хажатұлы екі алтын бір күміс алды (15 жас, Жетісу облысы): 1-орын – классика және блиц, 2-орын – рапид;
  • Нұрәлі Нұршин екі алтын алды (9 жас, Астана): 1-орын – классика және блиц;
  • Малика Жаппарбекова екі алтын алды (15 жас, Астана): 1-орын – рапид және блиц;
  • Алдияр Жарас бір алтын және бір қола алды (13 жас, Алматы): 1-орын – рапид, 3-орын – классика;
  • Нұрмұхаммед Кабиназар бір алтын және бір қола (15 жас, Алматы): 1-орын – рапид, 3-орын – классика;
  • Рамазан Төлеген (11 жас, Алматы облысы): 1-орын – рапид;
  • Ақерке Молдағали (13 жас, Астана): 1-орын – блиц.
шахматы оқушылар азия біріншілігі алтын
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Тағы он оқушы күміс пен қола жүлдегер атанды. Олар:

  • Нұрислам Сұлтанхан (9 жас, Түркістан облысы): 2-орын – классика;
  • Сүлейман Ахмет (13 жас, Павлодар облысы): 2-орын – рапид;
  • Венера Жәкішева (7 жас, Астана): 2-орын – рапид;
  • Милана Филиппова (11 жас, Алматы): 2-орын – рапид;
  • Ақниет Күмісбай (9 жас, Маңғыстау облысы): 2-орын – блиц;
  • Әдия Мамеш (11 жас, Астана): 2-орын – блиц;
  • Макар Чернышов (7 жас, Алматы): 3-орын – блиц;
  • Әлихан Дәулет (17 жас, Алматы): 3-орын – блиц;
  • Нұрсұлу Оразалина (17 жас, Астана): 3-орын – блиц.

Командалық есепте Қазақстан шахматшылары рапидте үздік нәтиже көрсетсе (4 алтын және 4 күміс), классикада (2–1–2) үшінші, блицте (4–2–3) екінші орын алды.

Бір жыл бұрын да шахматшы оқушылар Бангкоктан 10 алтын (10–7–7) әкелген. Ал екі жыл бұрын Ташкенттегі біріншілікте бар болғаны бір алтын (1–7–9) бұйырған.

Қазан айында жасөспірімдер құрамасы әлем біріншілігінде топ жарған еді.

Бұған дейін Kursiv.Media әлемді бағындырып келе жатқан жас шахматшы Нұрғиса Қуанышұлын көпшілікке жақынырақ таныстырған.


Сондай-ақ оқыңыз