Астанада мас болып көлік айдаған жүргізуші ұсталды

Әлеуметтік желілерде Астана полициясы ішіп алған көлік жүргізушісін ұстағаны туралы ақпарат тарады. Кей деректерге сүйенсек, ол азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Асель Досаева болуы мүмкін.
Бұл ақпаратқа қатысты Астана қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.
«Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатты. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, тексеріс жүргізілуде. Астана полициясы көлік құралын мас күйінде басқару – заңның өрескел бұзылуы әрі айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай жағдайлар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Сонымен қатар жүргізушіде көлік жүргізу куәлігі болмағаны жөніндегі ақпарат ресми түрде расталмады.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі мас болып көлік жүргізгендерге жазаны жеңілдетуге үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеген.