Мбаппенің қолтаңбасы қойылған футболка 3 млн теңгеге сатылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
футболка Мбаппе
Фото: Freedom QJ League

Астанада Қазақстанның жастар арасындағы футбол чемпионаты – Freedom QJ League лигасының үшінші маусымының жабылу салтанаты өтті. Жиындағы қайырымдылық аукционында «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе футболкасы басты лот болды.

Аукцион жеңімпазы – «Қайрат» футбол клубының Бақылау кеңесі төрағасы Қайрат Боранбаев. Ол жейдені 3 миллион теңгеге сатып алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, түскен барлық қаражат қайырымдылық мақсаттарға бағытталады.

Салтанатты шара Ritz-Carlton Astana қонақүйінде өтіп, оған ойыншылар, бапкерлер, клуб басшылығы мен лига өкілдері қатысты. Гала-кеш «Формула-1» стилінде безендіріліп, Freedom Media платформасында тікелей эфирде көрсетілді.

Іс-шараны Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур ТурловFreedom QJ League президенті Рохус Шох және Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория ашты. Олар лиганың үш жыл ішінде еліміздегі балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Үш жыл қатарынан чемпион атанған — алматылық «Қайрат» командасы. Олар ауыспалы кубокты мәңгілік сақтауға алды және келесі жылы Қазақстанның атынан УЕФА жасөспірімдер лигасында өнер көрсетеді.

Кеш барысында алғаш рет Freedom QJ League гимні таныстырылып, маусымның үздік ойыншылары мен бапкерлері 18 номинация бойынша марапатталды

Сондай-ақ оқыңыз