Мөлдір Мұқанова ажырасқаннан кейін қолдау білдіргендерге алғыс айтты

Жарияланды 2 Қараша 2025 10:05

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: Janar Baisemiz арнасынан скриншот

Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы айтты. Қиын кезеңде қолдау білдірген, демеу болған өнердегі жанашырларына алғысын білдірді.

«Алғашқылардың бірі болып өзім ерекше жақсы көретін, жақсы сыйлайтын Қарақат Әбілдина еді. Бұл жағдайды көре тұр үндемей отыра қалмадым, менің де жүрегім сыздап бара жатыр деді хабарласып. Барынша отбасын сақтап қалыңдар деп ақыл кеңес берген ол кісіге алғыс білдіремін», – деді Мөлдір.

Дәл солай жаңа жобаларға шақырған Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанды да атап өтті.

«Өз жобасына шақырып қолдау білдірген Баян Алагөзоа ханымға алғыс айтқым келеді. Ірі ауқымды жобаның тізгінін қолыма ұстата салған, ол да бір ерлік. Назарсыз қалып қойсам да ренжімеймін. Бірақ бармыз, қолдаушыңбыз деген Динара Сәтжан да болды. Өзінің шоуына шақырды», – деп ризашылығын білдірді продюссер.

Мөлдір Мұқанова қазір «Шәй в большом городе» атты жаңа фильм жарыққа шығарғалы жатқанын да айта кетті.

Жаңа фильм 20 қарашадан бастап кинотеатрлардан көрсетіле бастайды. Мөлдірдің сөзінше, фильм түсіру үшін кредит алған, құрбыларынан да қарыз алуға тура келген.

Сондай-ақ оқыңыз