Қазақстандықтар жаппай алтын сатып алып жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің редакторы
Қазақстандықтар алтын құймаларын көптеп сатып алып жатыр / Фото: shutterstock

Қазақстандықтар жаппай алтын құймаларын сатып алып жатыр. Ұлттық банктің дерегінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пунктері халыққа жалпы салмағы 409 кг болатын 9 110 алтын құйма сатқан.

Тек шілде-қыркүйек айларының өзінде банктер мен айырбастау пунктері жалпы салмағы 438,4 кг болатын 8 302 құйма өткізген.

Ең көп алтын құйма сатылған өңірлер:

  • Алматы – 5 874 дана (71%),
  • Астана – 600 дана (7%),
  • Қарағанды облысы – 460 дана (6%).

Алтын құймаларды қазақстандықтар Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank және Банк ЦентрКредитбөлімшелерінен, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пункттерінен сатып ала алады.

Бағдарлама іске қосылғалы бері барлығы 246 882 алтын құйма сатылған, олардың жалпы салмағы 8,6 тоннаға жетті.

Халық арасында ең танымал құйма — 10 грамдық алтын, оның сатылымдағы үлесі 26% (63 740 дана). Одан кейін:

  • 5 г — 53 978 дана (22%),
  • 100 г — 50 779 дана (21%),
  • 20 г — 44 707 дана (18%),
  • 50 г — 33 678 дана (13%).

Ұлттық банк атап өткендей, әрбір құйма айнадай беті, микротексті және бедерлі жиегі бар арнайы қаптамадашығарылады. Бұл қорап құйманы зақымданудан қорғайды әрі сапа сертификатының қызметін атқарады.

Мамандар алтын құймаларын сенімді инвестиция құралы ретінде қарастырады. Өйткені банктер мен айырбастау пунктері алтынды сол күні-ақ кері сатып алып, клиентке ақшасын қайтара алады.

Бағалы құйманы қалай таңдайды, қалай сатып алу жолын мына жерден толық біле аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз