Шерхан Қалмұрза: Танымал болу көп энергияны алады екен

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Шерхан Калмурза
Шерхан Қалмұрза / instagram.com/kallmurza

Астанада жас футболшыларға арналған QJ league Awards марапаттау шарасы өтті. Жиынға келген «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза Kursiv Media тілшісіне сұхбат беріп, танымалдылығы жайлы пікірін айтты.

«Шынымды айтсам, танымал болу энергияны көп жейді екен. Отбасыммен қалаға шықсам, көп адамдар келеді. Кейде мазаны алады, сол қатты тиеді. Бірақ оған көп мән бермеуге тырысамын. Алдыма қойған мақсатқа жетуге жұмыс істеймін», – деді ол.

Ол өзін жұлдыз еткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы жайлы да пікірін білдірді.

«Олар – футбол әлемінің гранды, өте үлкен қысым болды. Бірақ баға жетпес тәжірибе жинадым. Енді «Қайратпен» бірге алға қойған барлық мақсатқа жеткім келеді. Қазір ойнап жүргендей клубты Чемпиондар Лигасында одан әрі алып жүре бергім келеді», – деген ниетін айтты Шерхан.

Еске салайық, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда қазақстандықтардың есінде ұзаққа сақталатын тарихи матч өтті. «Қайрат» өз алаңында испандық «Реал Мадридті» қабылдап, 5-0 есебімен жеңілді. Ал жас қақпашы Шерхан Қалмұрза сейвтерімен бір сәтте жұлдызға айналды.

Сондай-ақ оқыңыз