
Айгүл Ақсамбиева «31 арнаның» бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Kursiv.Media порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарананың осыған дейінгі басшысы Бек Кенжебай бұл қызметті 2023 жылдан бері атқарып келген.
Айгүл Ақсамбиева – мәдениет, телеарна және креативті индустрия салаларында 20 жылдан астам тәжірибесі бар медиаменеджер және продюсер. Ол Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да режиссура мамандығы бойынша білім алған, сондай-ақ АҚШ-тағы New York Film Academy-де оқыған. Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да саясаттану мамандығы бойынша білім алған.
Айгүл Ақсамбиева бұған дейін медиа жобалардың продюсері әрі режиссері болған, Ресей, Аустрия, Франция, Үндістан секілді елдерде өткен халықаралық кинофестивальдерде жүлделерге ие болған.