Алматыдағы Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Азамат Қалдыбеков Бостандық ауданының әкімі болды / фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Дьюк университетінде құқық магистрі дәрежесін алған. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жетекші маман қызметінен бастаған.

Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеді. 2019 жылы Бірінші президенттік жастар кадрлық резервіне енді.

2020-2024 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2024 жылдан осы уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бостандық – Алматыдағы ғылыми, мәдени және іскерлік нысандар көбірек шоғырланған әкімшілік аумақ. Қаладағы ең ірі және орталық аудан деп есептеледі. Халық саны – 335 456 адам.

Осы жылы аудан әкімдігі Жаңа жыл қарсаңындағы безендіру жұмыстарына 178,5 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз